Атырау, 27 қараша 03:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Испаниядағы манифест: Каталония тәуелсіздігінің жақтастары үкіметке наразы

2 410 просмотра


Барселонада Каталония тәуелсіздігінің жақтастары ұйымдастырған наразылық акциясы қақтығысқа ұласты. Ереуіл басталғалы кем дегенде 44 адам зардап шеккен. Бұл жөнінде Deutsche welle хабарлады. 

Қала көшелеріне шыққан наразы жұрт Испания Жоғарғы сотының каталониялық саясаткерлерге қатысты шығарған үкіміне қарсылық білдіруде. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша ереуілге жалпы саны 350 мыңға жуық адам қатысқан. Наразылық акциясының қатысушылары тәртіп сақшыларына шөлмектер лақтырып, контейнерлерді өртеген. Сол себепті құқық қорғау органдарының қызметкерлері халыққа күш қолданған. Қазіргі уақытта тәртіп бұзды деген үш адам тергеуге алынды. 

Бұдан кейін 10 мыңға жуық манифестанттар Барселонадағы полиция басқармасы ғимаратының жанында митинг ұйымдастырды. 14 қазаннан бастап Каталонияның түрлі қалаларында наразылық шерулері өтіп жатыр. Қарсылық акциялары 2017 жылы Тәуелсіздік туралы референдумды жариялауға атсалысқан каталониялық саясаткерлерді 13 жылға дейін түрмеге қамау жөнінде сот үкіміне қарсы басталған. Бүгінге дейін өткен аразылық акциялары қақтығыстарға ұласыа, жүздеген адам зардап шеккен. Биыл сәуірде Испанияда өткен ірі шеруден кейін Испания билігі сепаратистерді жаппай тергеуге алған соң, сепаратистерді жақтаушылар сот ғимаратының жанында демонстрация өткізді. 

Осы жағдайдан кейін Испания премьер-министрі Педро Санчес елдегі кортестер таратылып, мерзімінен бұрын сайлау өтетіні туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Елдің премьер-министрі Санчес өз уәдесін орындамағандықтан, каталондық партиялар үкіметтік одақтан шығып кеткен болатын. нәтижесінде, кезекті мәрте жаңа сайлау өткізілді. Биліктегі өзара келіспеушілік салдарынан Испания парламентінің негізгі партиясы қиын жағдайға қалды. Ресми мәліметтер бойынша, 2018 жылы Католония дағдарысы Испания экономикасына 1 млрд еуро шығын келтірген. 

Негізінен Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуға қатысты әрекеті 2017 жылы қазанда басталған. Мемлекеттің тәуелсіздік үшін күресі 2018 жылы жаңа сипат алды. Себебі тәуелсіздік үшін болған өңірлік сайлауда сепаратистердің дауысы басым түсті. Ал осыдан кейін Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пуджемонт пен біраз саясаткерлерді қызметтерінен шеттеткен еді. Айта кетейік, Каталония – өзінің салт-дәстүрі мен тілі, 7,5 млн халқы бар автономия. Франциямен шектеседі және Испания өндірісінің бестен бір бөлігін құрайды. Ал егер Каталония дербес мемлекет болатын болса, онда оның ЖІӨ Португалия мен Финляндия елдерінің көрсеткішімен тең болуы мүмкін. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

28 қазан 2019, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.