«Ақ Жайық» газеті Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығымен бірге Атырау кәсіпкерлері үшін арнайы ұйымдастырылған «Салықтар бойынша сұрақ-жауап» айдарын жалғастырады. Сұрақтарыңызды editors@azh.kz электронды поштасына жібере аласыз. Сұрақтарыңызға орталық директоры Дмитрий КАЗАНЦЕВ жауап береді.
Алдымен проблемаңызды шешіңіз
- ЖШС құрылтайшысының (ол әрі директоры) атқару парағы бойынша берешегі бар, оған елден кетуге тыйым салынып, шоты бұғатталған. Ол басқа құрылтайшымен үлестес болып, басқа ЖШС аша алады ма?
- ЖШС ашылған кезде құрылтайшылар барлық базалар бойынша тексеріледі. Тексеру кезінде бұл жағдай анықталады. Сондықтан бұл жағдайда басқа ЖШС ашу мүмкін емес.
Кассалық аппарат үшін өтемақы 60 мың теңгеден аспайды
- Менде ЖК бар, жеңілдетілген декларация бойынша салық төлеймін. Жақында Салық кодексіне түзетулер енгізілді. Енді салықтар арқылы онлайн кассалық аппаратын алуға кеткен шығындар қалай өтеледі?
- Бұл өзгертулер 910 нысанын есептеу кезінде жеке табыс салығын түзетуге қатысты болып отыр. 2019 жылдың 2-жартыжылдығының есебін тапсыру үшін жаңа нысан үлгісі шығарылады. Онда сіз айналымыңызды көрсетіп, оны 1,5% -ға көбейтіп (бұл жеке табыс салығының мөлшерлемесі) және 2-ге бөліңіз. Сонда сіздің өтемақыңыздың сомасы шығады, бірақ ол 60 000 теңгеден аспайды.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА