Атырау, 10 желтоқсан 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Аргентинада жаңа президент сайланды

2 241 рет қаралды


Венесуэла мен Мексика СІМ министрлері аргентиналық оппозиционер Альберто Фернандесті сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Қазіргі уақытта 96,5 пайыз дауыс қаралған. Соның нәтижесінде Фернандес 48,06 пайыз, ал елдің қазіргі президенті Маурисио Макри - 40,4 пайыз жинаған. Жаңа сайланған президент қызметіне 10 желтоқсанда кіріседі.  "Мексика үкіметі Фернандесті Аргентина президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, достық әрі одақтастықты қайта жандандыруға дайын екенін жеткізеді", - деді Мексика СІМөкілдерінің хабарламасында.  Аргентинаның қазіргі президенті Маурисио Макрида өз қарсыласын құттықтады.  "Жаңадан сайланған президент Альберто Фернандесті құттықтағым келеді", - деді Макри. Ол дүйсенбіде оны кездесуге шақырғанын айтты.  Аргентинада президент сайлауы 27 қазанда өтті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қазан 2019, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.