Атырау, 26 желтоқсан 12:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Челахтың ісі сотқа жолданды

1 810 просмотра

Тергеумен «Арқанкерген» уақытша шекара бекетінің әскери қызметшілерін өлтіру туралы іс бойынша тергеу аяқталды.

Бас әскери прокуратура 2012 жылдың 2 қазанында адам өлтіру және басқа қылмыстар бойынша айыпталушы қатардағы жауынгер В.В.Челахқа қатысты қылмыстық іс тергелуінің аяқталғанын мәлімдейді.

Оған барлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылды.

Іс бойынша тергеу заң талаптарына сәйкес жүргізілді.

2012 жылдың 26 қазанында айыпталушы В.В.Челах және оның қорғаушылары Т.Е.Берліқожанов, С.К.Сәрсенов, А.К.Мұхаметсадықов іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Сондай-ақ қылмыстық іспен жәбірленушілердің өкілдері де танысты, тек өз құқықтарын Т.Я.Рей мен И.М.Сисенов пайдаланған жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 543 және 546 баптарына сәйкес В.В.Челахқа қатысты қылмыстық іс оның сұрауы бойынша ашық сот отырысында алқа билердің қатысуымен қаралады.

2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс соттың қарауына жолданды.

ҚР Бас әскери прокуратурасы

31 қазан 2012, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.