Облыстық статистика басқармасының мәліметінше, Атырау облысында 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша 641 046 адам тұрады - облыс орталығында 331 702, аудандарда 309 344 адам.
Облыста 49 161 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 2728 шаруа қожалығы бар, бұл салада 128,1 мың адам еңбек етеді.
Сала бойынша ең жоғары жалақы ақпарат және байланыс саласында (405 672 теңге), ең төменгі - ауыл, орман және балық шаруашылығында (62 482 теңге) деп белгіленді.
Өткен айда өңірде жарма (2,2%-ға), жұмыртқа (1,8%), кондитерлік өнімдер (1,5%), алкогольді сусындардың (0,5%) бағалары көтеріліп; жемістер мен көкөністердің (3,3%-ға), қанттың (0,5%) бағасы төмендеген. Теміржол жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы 2,8% -ға қымбаттап, әуе тасымалы 2,1% -ға арзандаған.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА