Соңғы аптада ағайынды Асхат пен Талғат БЕКЕНОВТЕРДІҢ Атыраудағы ірі «Идеал-Маркет» әмбебап дүкендер торабын («Идеал» мен «Лидердің» 19 дүкені) мәскеулік бизнесмендерге сататындығы ең кең таралған қауесет болды.
Мәскеулік тұлғалар бұрыннан «Идеалдың» басқарушы менеджменті құрамында бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын 4-ықшамаудандағы бас кеңсе жанында қызметкерлер жалақыларынан ақша ұстап қалғандығы үшін ереуілге шыққан кезде, А.Бекенов ашуланып:«Егер жағдайды реттей алмаса, мәскеулік менеджерлерді не үшін жалдадық!» деген еді.
Т.Бекенов бауыры Мәжіліс депутаты болғандықтан және оған мәртебесіне байланысты бизнеспен айналысуға болмайтындықтан оның «Идеалда» үлесі жоқ екенін айтты. Бекеновтің кішісі қазан айында компанияны сату жөнінде мәскеулік бизнесмендермен келіссөздер жүргізілгендігі туралы фактіні жоққа шығармады. Бірақ оның айтуынша, әзірге келісім жасалмаған:
– «Идеалдың» сатылуы бірқатар себептерге байланысты болып отыр, бұл жыл аяғында белгілі болмақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ