Атырау, 3 тамыз 21:09
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Шөп шегіп, көлік жүргізген

7 716 рет қаралды

Көрнекі сурет

Құрманғазы ауданында жол сақшылары, өз деректері бойынша, 2015 жылы 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтың  Ssang Yong маркалы көлігін тоқтатты. Құжат тексеру кезінде көлік салонынан ерекше иісті сезеді, бірақ бұл арақ иісіне ұқсамады.

Сақшылар тез арада АПБ-нің жедел тобын шақыртып, олар келісімен көлік ішінен кепкен өсімдік салынған сіріңке қорабы мен пластик шөлмек тапты. Сараптама мұның 34 грамм қарасора екенін анықтады. Жүргізуші ұсталмастан бұрын шегіп үлгерген екен.

- Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлімі (Есірткі заттарды өткізу үшін емес, заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейін тексеру басталды, - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаменті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қазан 2019, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.