Атырау, 27 қараша 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қағаз саны жартылай қысқарады

3 380 просмотра


Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен  алынып тасталатын болады.  Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Марат ЗАБЫХАН мәлімдеді. 

Оның айтуынша, әр адам тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен  eGov  mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.  Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әр түрлі ұйымдарға ұсыну үшін 10 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтаған. Олардың жартысына жуығы - мекенжай  анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған.

Әсем БОЛАТҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

25 қазан 2019, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.