Атырау, 27 сәуір 09:01
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сүриядағы ойыншылар кім : Ұқсамаған мүдделер қайшылығы қайда барады?

2 353 просмотра


Ресейдің әскери полициясы Сүрияның Түркия шекарасына жақын Манбиж және Кобани қалаларына кірді. Түркия мен Сүрия шекарасын бақылауға ресейлік және сүриялық күштер де тартылуда. 

Ресей мен Түркия арасындағы келісімге сай, екі ел әскерлері шекарадағы 10 шақырымға созылған арнайы белгіленген жолақты ортақ бақылауға алуы керек. Сондай-ақ, күрд қарулы күштері 150 сағат ішінде шекарадан 32 шақырым қашықтыққа дейін ұзап кетуі керек.

Түркиямен шекарадағы 15 шекаралық бекетте сүриялық әскерлер Ресей әскерлерімен бірге күзетіп тұрғанын BBC хабарлаған болатын. Шекарадағы Сүрия мен Ресей әскерлерінің нақты саны туралы мәлімет берілген емес. Жалпы Сүрия жеріндегі ресейлік жауынгерлердің саны да беймәлім.

Бірақ, Ресей мен Сүрия қарулы күштері аймақтан күрд қарулы күштерінің шығып кетуіне қалай кепілдік беретінін ешкім айта алмайды. Себебі, Түркия Сүрияның солтүстігінде әскери әрекеттерді бастаудан бұрын күрд қарулылары Башар Асад режиміне қарсы Сүрия Демократиялық армиясын қатарында болды.

Кейбір сарапшылар, Ресейдің және Дамаск режимінің бұл мәселеде ұқсамаған мүддемен араласып отырғанын айтады. Айталық, Дамаск бұған дейін ықпалы әлсіз болып келген солтүстік-шығыс аумақтағы өз билігін қамсыздағысы келеді; Ресей болса Сүриядағы жалпы ықпалын одан сайын тереңдете түскісі келеді.

Ал, Түркия мен Ресей арасында келісім жасалғанымен екі елдің мүдделері арасында қайшылықтар бар. Түркия Сүриядағы өзі қолдаған күштердің ықпалын кеңейтіп, Сүрия тарабынан келетін қауіптерді жеңілдетуді қалайды. Ал, Башар Асадты қолдаған Ресей мен Иран болса режимге қарсы күштермен соғысып отыр.

Шын мәнісінде, Ресей, Түркия және Иран арасындағы «Үштік саммит» осы кереғар мүдделерді үйлестіру үшін тырысып келген. Бұл қайшылықты жағдайлар Сүрия дағдарысының әлі де ұзақ уақытқа созылатынын білдіргендей.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

 


24 қазан 2019, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.