Қазанның басында «Магистральдық суағызғы» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне инвестициялық бағдарламаны мақұлдап, 2020-2024 жылдарға арналған «Астрахан-Маңғышлақ» суағызғы тұтынушылары үшін тарифті көтеру өтінішімен жүгінді. Біздің өңірде бұл Құлсары қаласына, сонымен қатар Құрманғазы және Исатай аудандарының кейбір елді мекендеріне қатысты.
Кәсіпорынның бес жылдық кезеңге арналған инвестициялық бағдарламасы 11 млрд 748 млн теңгеге бағаланады. Жылдар бойынша бұл сома былай бөлінеді: 2020 ж. - 353 млн теңге, 2021 ж. - 582 млн теңге, 2022 ж. - 1 млрд 504 млн теңге, 2023 ж. - 3 млрд 309 млн теңге, 2024 ж. - 6 млрд теңге.
Өтінімде жылдар бойынша жалпы тариф көрсетілген (бір текше метр су бағасы ҚҚС есебінсіз): 2020 ж. - 288,16 теңге, 2021 ж. - 300,71, 2022 ж. – 311,24, 2023 ж. – 321,08, 2024 ж. – 335,34 теңге. Мәселен, бүгінде Құлсарыда бір текше метр үшін тариф 39,08 теңге деп белгіленген. Оның қаншалықты өсетіні монополистің өтінішін қарау нәтижелерінен белгілі болады. Монополияға қарсы департаменттегі қоғамдық тыңдаудың өтетін күні мен орны туралы кейінірек хабарланады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ