Атырау, 26 желтоқсан 13:49
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы қабылданды

2 135 просмотра

Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Заң жобасы шығыстарды оңтайландыру есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын жабу жолымен бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
2012 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістерін қайта қарауға еліміздегі экономикалық жағдайды талдаудың негізінде макроэкономикалық көрсеткіштердің өлшемдерін нақтылау және ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша нақты түсімдерді негізге ала отырып, есеп айырысуларды нақтылау себеп болған.
«Өнеркәсіп өнімінің көлемі нақтыланған баға бойынша 2,7% -ға өседі. Бұл бұрын болжанған мөлшерден 0,9% тармаққа төмен болып отыр. ИЖТМ бағалауы бойынша металлургиядағы өсудің қарқыны 6,3%-ға, химия өнеркәсібінде 10,4%-ға, формацевтикада 0,6%-ға, машина жасау 0,3%-ға төмен көрсеткіш күтіледі. Соған байланысты 2012 жылы өндіру өнеркәсібіндегі көрсеткіштер 7,2%-дан 3,9%-ға дейін төмендейді. Сауда көлемі 14,3%-ға дейін мақұлданған болжамнан 1,6%-ға жоғары өсім бойынша нақтыланды. Болжам бойынша тауар экспорты 96 млрд 200 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл мақұлданған болжаммен салыстырғанда 8 млрд 300 млн долларға артық. Тауарлар импорты бұрын мақұлданған болжамнан 300 млн долларға асып, 48 млрд 400 млн АҚШ долларын құрайын деп отыр», - деді ҚР экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев өз баянламасында.
Оның айтуынша, нақтыланған макрокөрсеткіштер есебінен 2012 жылдың параметрлері қайта қаралған. Республикалық бюджетке жалпы түсімдер 4 трлн 854 млрд 100 млн теңге көлемінде болжанған.
«Кірістердің болжамдалған көлемінің төмендеуі ағымдағы жылы жалпы алғанда экономика салаларындағы өсімнің баяулауымен, сондай -ақ мұнай-газ жобаларындағы Қарашығанақ, Қашаған мәселелерін реттеу жөніндегі келісімдер шегінде міндеттемелерді орындаумен байланысты», - деп толықтырды ол.
Қаржы министрі Болат Жәмішев өз баяндамасында заң жобасында шығыстарды қысқарту қарастырылмағанын атап өтті.
«Жобада шығыстарды қысқарту қарастырылмаған. Себебі, бұл жерде мәселе қаржыландыру мүмкіндігінің болмауына емес, кейбір әкімшілермен бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде жүзеге асыру мүмкіншілігінің қарастырылмауына байланысты туындап отыр», - деді ол.
«2012 жылы республикалық бюджет кірістерінің күтіліп отырған түсімі трансферттердің түсімін есепке алмағанда 3 трлн 212 млрд теңгені құрайды, бұл ағымдағы жылы бекітілген түсімдермен салыстырғанда 403 млрд теңгеге аз. Салықтық түсімдер бекітілген жоспарға қарағанда 414 млрд теңгеге азайтылды. Негізінен қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы 2 трлн 951 млрд теңгені құрайды. Осылайша, корпоративтік табыс салығы бойынша 303 млрд теңге игерілмейді деп күтілуде», - деп нақтылап өтті Б.Жәмішев.
Қаржы министрінің айтуынша, Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 10,7 млрд теңгеге ұлғайтылған. Сонымен қатар, 2012 жылғы республикалық бюджет шығыстары белгіленген бюджетпен салыстырғанда 179 млрд теңгеге азайтылып, 5 трл 837 млрд теңге сомасында болады деп жоспарланған.
«Жобада сондай-ақ, ағымдағы жылы шұғыл міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламаларға әкімшілік етуді жақсарту және 2013 жылғы бюджетті жеңілдету мақсатында 72,2 млрд теңгені қайта бөлу ұсынылды. Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге 20,2 млрд теңге, «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 6 млрд теңге қарастырылған. Экспорттық астықты тасымалдау құнын арзандатуды субсидиялауға 10,1 млрд теңге, Астана қаласын дамытуға 12 млрд теңге бөлінді, - деп түйіндеді ол.
Дереккөз: bnews.kz

31 қазан 2012, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.