Атырау, 27 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қалың тұмандағы ажалды апат

10 045 рет қаралды


Бүгін, 24 қазанда, таңғы сағат 08.00 шамасында «Атырау-Дамба» тас жолында ВАЗ-2115 (LADA Samara) мен ВАЗ-2121 «Нива» автокөліктері бетпе-бет соқтығысып, 1992 ж.т. әйел адам оқиға орнында қаза болып, түрлі дәрежеде жарақаттанған бес адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасының себептерінің бірі - сол маңда болған таңғы қалың тұман болуы мүмкін. Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда кісі өліміне әкелген жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.