НАТО Украинаға әскери көмекті көбейтуге шақырады. Мұндай мәлімдемені әскери-саяси одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельдегі баспасөз-конференциясында жасады.
Столтенбергтің сөзінше, Украинаға қолдау көрсету мәселесі алдағы екі күнде қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқыланады. Ол НАТО солтүстік атлантикалық кеңесінің мүшелері бір аптадан соң Украинаға баратынын айтты. НАТО сарапшылары Одесса мен Киевке барып, Украина әскерінің қазіргі ахуалын, көздерімен көріп, бағамдайды.
- Сирия мен Түркия шекарасында бірлесіп бақылау жайлы Ресей - Түркия келісіміне әзірге нақты баға беруге ерте,- деді Столтенберг. НАТО бас хатшысы сонымен бірге "уағдаласқан екі тараптың қақтығысты саяси тұрғыда реттегісі келетіні" үміт туғызатынын хабарлады.
Дереккөз: Азаттық радиосы