4 мердігер анықталды: итальяндық «Todini», түріктің «Ант Иншаат» және осы жолдың 60 шақырымын салып жатқан "Сине Мидас Строй" (Түркия) мен «АтырауИнжСтрой».
- Жыл соңына дейін ЕҚДБ 15% көлемде аванс беруі тиіс, содан кейін мердігерлер дайындық жұмыстарын бастайды, ал келесі жылы негізгі жұмыстар басталады. Қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда,- деді Керімқұлов.
Керімқұлов қарыздың нақты мөлшерін атаған жоқ, бірақ оның айтуынша, «бұл бастапқыда сұралғаннан аз емес». Қалған қаражат аяқталған жұмыс үшін ай сайын бөлінеді.
«Тоdini» Қазақстанда 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және Астана-Бурабай, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас, Нұр-Сұлтан-Алматы бағыттарындағы трассаларды салғанын атап өткен жөн. «Ант Иншаат» компаниясы жақында қазақстандық «Ақжол» компаниясымен бірлесе отырып, Доссор кенті маңындағы Ақтөбе-Мақат жолын (17 шақырым) қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА