Атырау, 24 қараша 01:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда жануарлар паналайтын үйшіктер орнатылды

Сурет Бейнежазба
4 294 просмотра


Атырау Қазақстандағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұрықсыздандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан, сондай-ақ, оларға тамақ беретін үйшік орнатқан алғашқы қала болды. Мұның бәрі қалалық әкімдіктің қолдауымен «Мейірімді жүрек» қорындағы еріктілердің күшімен жасалды.

Азық беретін жер – шереден жасалған үш қабатты үйшік секілді, оған жануарлар суық кезде паналай алады. Үйшіктің табанында бұрандалармен бекітілген табақтар бар. Біреу оларға «көз салған» жағдайда, алып кете алмайды.

- Осы қуанышты хабарды бөліскіміз келіп отыр. Еріктілер мен жергілікті билік қаланың өркениет әлеміне қадам басуы үшін керемет мүмкіндік жасады. Енді шетелдегі сияқты, қаңғыбас жануарларды арнайы орындарда тамақтандыруға болады. Қаламызды бірге  мейірімді қылайық! Моральдық, қаржылық, ұйымдастырушылық жағынан көмек көрсеткен барша жанға көп рахмет. Сондай-ақ, қала тұрғындарының көрегенділігіліне сүйеніп, тамақ беретін үйшікті бұзбайды, сындырып тастамайды деп үміттенеміз, - дейді «Мейірімді жүрек» қорының еріктісі Альфия ОҚАШЕВА.

Егер Жеңіс саябағында, Музыка академиясында «Атырау» деген жазу жанында, Құрманғазы аллеясында, SuleimenTower БО жанында, балалар алаңының қасында, Кардиология орталығының жанындағы орталық көпірдің астында серуендеп жүрсеңіз немесе өтіп бара жатсаңыз, онда азық қалдырып, жануарларға өмір сүруге мүмкіндік бере аласыз, өйткені алдымызда қыс келе жатыр.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

23 қазан 2019, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.