Бұл туралы сейсенбі күні оңтүстікамерикалық республиканың құқық қорғау органдарынан хабарлады.
Чили астанасы Сантьягода өткізілген арнайы операцияның барысында жедел қызметкерлер пияз салынған қаптар артылған екі жүк көлігінің ішінен марихуана, хлоргидрат және шикі кокаиннан тұратын жүкті анықтады. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымы күдігімен алты адамды ұстады. Тергеу есірткі жүгі шекараны елдің солтүстігінде кесіп өткенін шамалайды.
Дереккөз: inform.kz