Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Telegram-дағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналында мәлімдеді деп,- хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде облыс орталығында 12 апатты жатақхананың тұрғындары көшірілуі тиіс екен. Бұл үшін Атырауда бюджет есебінен 240 пәтерге есептелген 6 үйдің құрылысы жүргізілуде.
- Жыл соңына дейін Береке ықшам ауданында 3 үй пайдалануға тапсырылады. Осыған орай, 6-7 жатақхананың тұрғындарын көшіруге мүмкіндік туады. Мердігерлердің уәделеріне сүйене отырып, 6 үйді де тапсыруды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі және басқа да себеп-салдарға орай, тек 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қай жатақхананың тұрғындары көшірілетінін қосымша хабарлаймыз. Қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырылады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі