- Тұрғындар шапқан шөпті кім шығарады және қалалық коммуналдық қызметтер оны жинап алу үшін қай жерге қою керек?
Мақсат, Атырау ықшамауданының тұрғыны
«Арнаулы автобаза» ЖШС бізге былай деп жауап берді:
- Біздің кәсіпорын габаритті емес (жиһаз, тұрмыстық техника және т.б.) және құрылыс қоқыстарын шығару бойынша ақылы қызмет көрсетеді. Бірақ жеке адамдар шапқан шөп қалдықтары екеуіне де жатпайды. Осы себепті жеке сектордың тұрғындары арам шөптерді өз үйлерінің алдына немесе көшенің қақ ортасына үйіп қоймай, қоқыс алаңдарына шығарып, контейнерлердің жанына жинауы тиіс. Мұндай әрекет үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша жаза қарастырылады. Заңнама бойынша, ортақ пайдалану орындарын ластау, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзатын әрекеттер де ұсақ бұзақылыққа жатады.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ