Атырау, 26 желтоқсан 13:43
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстанда сотталғандарды камераларда ұстауға арналған жатақханалар салынады

1 905 просмотра

2012—2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бағдарламасы аясында ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалпы және қатаң тәртіпте сотталғандарды камераларда ұстауға арналған жатақханалар салмақшы. Бұл жөнінде Комитет төрағасы, заң полковнигі Бауыржан Бердалин BNews.kz-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі әр түрлі тәртіптегі (жалпы, қатаң және ерекше тәртіп) сотталғандарға арналған «1500 орындық мамандандырылған түзету мекемесінің» типтік жобасын әзірлеуде. Типтік жобаны әзірлеуге 393 млн теңге сома бөлінді. Бір мамандандырылған түзету мекемесінің құны шамамен 12 млрд теңгені құрайды», - деді Б. Бердалин.

Оның айтуынша, мамандандырылған түзету мекемелерін республиканың 5 облысында салу жоспарланып отыр.

«Мамандандырылған түзету мекемелері кешенінде сотталғандарды ұстауға арналған камералармен қатар өндірістік және әкімшілік бөлмелер, ҚАЖ мамандандырылған түзету мекемелерінің қызметкерлеріне арналған бөлмелер де қарастырылған. Кешенді салу ұзақтығының мерзімі – 2,5 жыл», - дегенді қосты Б. Бердалин.

Ол бағдарламада сондай-ақ қазіргі түзету мекемелерін жөндеу де қарастырылғанын атап айтты.

Дереккөз: bnews.kz

31 қазан 2012, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.