Атырау, 24 қараша 02:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Сабыр ет, ол сағат тоқтап қалған»

Сурет
4 149 просмотра


Жақында әуежайдан оңтүстік астанада тұратын және бізге жұмысы бойынша әлдебір іскерлік кездесуге келген туысымды күтіп алған едім. Әуежайдан келе жатқанда, амандық-саулық сұрасу кезінде (біз бір-бірімізді көптен көрмеген едік) ол кенеттен: «Қап, кездесуге кешігіп қалдым ба?!» деп дауысы шығып кетті.

Сәлден соң Сәтпаев даңғылы, Әбілқайыр хан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы гүл-сағатты көрсеткеннен кейін оның не айтқысы келгенін түсіндім.

- Сабыр ет, ол сағат тоқтап қалған, - дедім байыппен.



Жалпы, осы сағат орналасқан жердің мақсаты да айқын емес. Google карталарында бұл SandyCrash мобильді ойынындағы мұзкәмпитке немесе осы операдағы нәрселерге ұқсайды.

Сағаттың жанында алып түрлі-түсті көбелектер қонған мұнай мұнарасы, сәл әрігірек бірнеше түйелер орналасқан. Менің пікірімше, осынау алуан түсті талғамсыз нәрсенің төңірегінде ландшафтқа арналған ақ тастар төгіліп, көгалдар төселген, тіпті тастармен төселген жаяужолдар да бар.

Әлеуметтік желілерден біздің тұрғындардың сағатқа көтерілетін баспалдақтарға тұрып түскен суреттерін көрген едім. Бірақ олардың ол жерге қалай барғаны әлі күнге дейін құпия, өйткені мен сол жерге апаратын жаяу жүргіншілер өткелін көрген жоқпын.



Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВТІҢ айтуынша, гүл-сағат қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында. 2018 жылы конкурс нәтижелері бойынша оларға «Ерлан» ЖК қызмет көрсету тиіс екен. Бөлінген сома - 1 780 000 теңге. Айта кету керек, гүл-сағатын күтіп ұстауға бөлінетін қаражат - төңірегіндегі аумақты абаттандыру жұмысының көлеміне және сағат механизмін жөндеуге байланысты бөлінген. Бүгінде ішкі механизмінің тозуына байланысты сағаттың жүрмей тұрғаны белгілі болды. Оның кейбір бөліктерін ауыстыру керек екен. Әкімдік бұл жұмыстардың жүріп жатқанына сендірді.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

22 қазан 2019, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.