Атырау, 27 қараша 03:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

М.Помпео: АҚШ президенті Түркиямен соғысуға дайын

2 542 просмотра


Америка президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Түркияға қарсы әскери іс-қимыл бастауға дайын. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. 

Алайда Сыртқы саясат ведомство басшысы Анкараның нақты қандай әрекеті бұған негіз бола алатынын айтпады. Бұған қоса, Майк Помпео Вашингтон қалай болғанда да шиеленіс орнына бейбітшілікті қалайтынын жеткізді. Айта кетейік, жуырда Түркия күрд жасақтарына қарсы Сирияда әскери операция бастаған еді. Ресми Анкараның мәлімдемесіне сай, оның мақсаты – қауіпсіз аймақ орнату. Өткен аптада Анкара мен Вашингтон келіссөздер жүргізіп, Түркияның Сириядағы операциясын 120 сағатқа тоқтатуға келісті.  

Дереккөз: 24.kz

22 қазан 2019, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.