Қазақ халқының зар заман ақыны Мұрат МӨҢКЕҰЛЫ мен бард ақын Табылды ДОСЫМОВҚА арналған ескерткіштер аудан орталығы Индербор кентінің көрнекі жерінде бой көтерді.
Ескерткіштердің ашылу рәсіміне өнер қайраткерлері мен жергілікті тұрғындар көп жиналды.
Биіктігі 7 метр болатын Мұраттың қола ескерткішін ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құттыбек ЖАҚЫП жасады. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Серік ШАПКЕНОВ елінің тәуелсіздігін жырлап өткен ақынның рухқа толы өлеңдерін кейінгі ұрпақ ұмытпайтынын атап өтті.
Индер топырағында дүниеге келген бард ақын Табылды Досымовқа арналған ескерткіштің ашылуы да осы шарамен қатар өтті. Табылдының қоладан құйылған биіктігі 2 метр 60 см ескерткішінің авторы - ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бақытбек МҰХАМБЕТЖАНОВ.
Сол күні аудан орталығында қос ақынның шығармалары жаңғыртылып, күмбірлеп күйлер, шалқып өлеңдер төгілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА