Атырау, 18 қараша 22:24
 ашықВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Салма қосылған балық

2 476 просмотра

Атырау ҰҚКД қызметкерлері Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғынынан 500 грамм героин тәркіледі.

Бастапқыда (бейресми дереккөздерден) 2 келі героиннің тәркіленіп алынғандығы айтылды. Алайда ҰҚКД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады. Қазіргі кезде іс Атырау облыстық ІІД тергеу басқармасына берілген.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың 5 қазанында таңертеңгі сағат 8.40-та әйел адам Ақтөбеден келетін пойыздан түскеннен кейін ұсталған. Сөмкесін тінткен кезде полиэтилен пакеттен скотчпен оралған орама табылыпты. Ораманы ашқан кезде 4 кесек балық тапқан (тергеу ісі әйелдің балықты алып-сатумен тұрақты айналысқандығын анықтады). Балықтың ішінен сұрғылт-сары түсті, салмағы 496,53 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылған. Бұл зат героин деп танылды.

ҚІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімі бастығының орынбасары Мереке ӨСКЕМБАЕВТЫҢ айтуынша, Атырау үшін жарты келі героин ірі партия боп есептеледі екен.

- Бізде негізінен ұсақ мөлшерде көтеріп сату кең қолданылады. Өйткені республика бойынша героиннің бағасы біздің аймағымызда ең жоғары. Героин негізінен бізге көрші облыстардан әкелінеді. Мұндай ірі партия 2-3 жыл ішінде алғаш рет ұсталып отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 қазан 2012, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.