Атырау, 18 қараша 22:42
 ашықВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Юлия Тимошенко аштық жариялады

2 201 просмотра
Ю.Тимошенко объявила голодовку из-за выборов«Батьковшина» оппозициялық партиясы лидерінің пікірінше, шілденің 29-ы мен қазанның 28-і аралығында Украина тәуелсіздігі тарихында ең әділетсіз сайлау өтті.
Украинаның экс-премьер-министрі Юлия Тимошенко елде өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларына қарсылық ретінде аштық жариялады. Тимошенконың адвокаты «ол астан бас тартып, тек су ғана ішуге бел буды», дейді.
 
«Батьковшина» оппозициялық партиясы лидерінің пікірінше, шілденің 29-ы мен қазанның 28-і аралығында Украина тәуелсіздігі тарихында ең әділетсіз сайлау өтті. Ал, мұны жасыру елдің болашағын сызып тастау, деген сөз. Сонымен қатар, Тимошенко бұл мәселеде Украина азаматтарының дені оны қолдайтынына да сенімді.
 
Айта кетсек, бұрынғы премьер-министрдің «Батьковшина» коалициясы өткен саяси дода нәтижелері бойынша, екінші орында келе жатыр. Оны «Аймақтар» билеуші партиясы озып түсті. Бірақ, соңғы қорытындылар ертең ғана белгілі болады.
 
Дереккөз: kaztrk.kz
30 қазан 2012, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.