Ливандағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты «Ливан күштері» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шықты.
Бұл жаңалықты қуана қабылдаған шерушілер Триполиде отшашу атқан. Жалпы наразы халық басқа партиялардың да басқарушы коалиция құрамынан шығып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етуде. Ливандағы жағдай 17 қазан күнгі үкіметтің шешімінен кейін ушыққан еді. Атап айтқанда, саясаткерлер ғаламтор арқылы қоңырау шалуға арналған бағдарламаны қолдану үшін ай сайын 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Бірақ ереуілдер өршіген соң билік бұл шешімнен бас тартты. Қазіргі уақытта ливандықтар биліктің түбегейлі отставкаға кетуін талап етіп отыр.
Дереккөз: Qazaqtimes.com