Атырау, 26 желтоқсан 12:55
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

"Арқанкерген" шекара бекетінде 15 емес, 16 адам қайтыс болған"

2 439 просмотра
Владислав Челах

"Арқанкерген" шекара бекетінде 15 емес, 16 адам қайтыс болған". Бүгін осындай мәлімдеме жасаған Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов  құзырлы орган бір адамның денесін жасырып отыр деді. Арқанкерген соты жақындаған сайын, жаңалықтардың ұшы шығып, он төрт сарбаз бен бір орманшының өмірін жалмаған қанды оқиға күннен-күнге шиеленісіп келеді.

Серік Сәрсенов, мәйіті жоғалып кеткен  16-адамның қанды  қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін алға тартады. Сол үшін  құзырлы орган анық-қанығын жасырып, бар кінәні тірі қалған 15-ші шекарашыға аудара салып, істі тезірек жауып тастағысы келеді.   Өйткені, ресми түрде жарияланған ақпараттар шындыққа жанаспайды деген Челахтың қорғаушысы, әр түрлі нұсқаларды қарастырған кезде, оның арасындағы ең дәлі емес, құқық қорғаушыларға ауыр соққы болып тимейтін, жалпы билікке азырақ зиян келтіретіні таңдап алынды дейді.   Сондықтан істі қайта тергеуге жіберу жөнінде арыз жазатынын жеткізді.

Дереккөз: 31 арна

30 қазан 2012, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.