Атырау, 27 қараша 03:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Германияда жолсеріктер ереуілге шықты: 100 рейс кейінге қалдырылды

1 915 просмотра


Lufthansa тобына кіретін төрт әуе компаниясының жолсеріктері ереуіл жариялады. Осыған байланысты Берлин, Гамбург, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайларындағы рейстер кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Deutsche Welle

Мұның алдында ереуілді 20 қазанда сағат 5-тен 11-ге дейін өткізу жоспарланған. Бірақ қызметкерлер оны түн жарымына дейін созуға шешім қабылдады. Ереуілге Eurowings, Germanwings, SunExpress және CityLine компанияларының қызметкерлері қатысуда. 

Халықаралық Берлин-Тегель әуежайы 15-рейсті тоқтатты, ал Гамбургте - 12, Мюнхен әуежайында – 10-ға жуық. Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайлары кейінге шегерілген рейстерінің нақты саны қаншама екендігін айтпай отыр.

Дереккөз: Inform.kz

21 қазан 2019, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.