Атырау, 26 желтоқсан 13:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жер салығының жаңа ставкалары қарашада жарияланады

4 093 просмотра

АСТАНА, 30 қазан BAQ. kz. Қаржы министрлігі жер салығының ставкасын ұлғайтуға байланысты жер заңнамасына өзгерістерді осы жылдың қарашасында жариялайды деп мәлімдеді сейсенбіде қаржы министрі Болат Жәмішев. 

«Негізінде, қараша айында менің ойымша бұны (таныстырылым) істеуге болады», - деді Жәмішев үкімет отырысында премьер-министр Серік Ахметовтың өзгерістерді енгізу мерзімі туралы сауалына жауап беріп.
«Экономикалық даму және сауда министрлігіне қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жер салығының ставкасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды, бұны тағы өңірлердің әкімдерімен бірлесіп талқылайық, мәселе маңызды, кез келген жағдайда жердің ставкалары, оны ұлғайту қарастырылатын болады», -деп тапсырды содан кейін премьер.

Дереккөз: BAQ. kz

30 қазан 2012, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.