Атырау, 9 шілде 00:46
 дождьВ Атырау +20.9
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

АҚШ Сириядағы өз базасын бомбалады

2 178 рет қаралды


АҚШ-тың Қарулы күштері Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан әл-Хасак провинциясындағы әуе базасынан өз күштерін әкеткеннен кейін жойып жіберді. Бұл туралы РИА Новости сириялық САНА ұлттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттіктің ақпараты бойынша, АҚШ Әскери-көлік ұшақтарына арналған ұшу-қону жолағы жабдықталған Клейб базасын бомбалаған. База Тель-Тамар қаласына жақын Тель-Байдар қаласында орналасқан. Сондай-ақ, америкалық әскери қызметшілер әл-Хасаке провинциясында орналасқан ас-Сабее бөгетінің жанында базасын босатуға дайындалып жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында Трамп Сириядан АҚШ әскерінің шығатынын жариялаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

21 қазан 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.