Атырау, 7 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Аман жетейік

3 093 рет қаралды


18 қазанда Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе - өңірімізде қала құрылысының кешенді сызбасын бекіту болды.

- Қала құрылысының кешенді сызбасы - бұл инфрақұрылым құрылысының ұзақ мерзімді кезеңі мен елді мекендердің перспективалық дамуын анықтайтын стратегия. Мұндағы мақсат - тұрғындарды қоныстандырудың оңтайлы сызбасын құру және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз ету, - дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА ғылыми тілмен.

Кешенді сызба қала құрылысын перспективалық дамыту ұсыныстарын қамтиды: аралық - 2024 жылға дейін, есепті - 2040 жылға дейін және болжамды - 2050 жылға дейін.

Облыс аумағы - 11 863 мың га, мұнда 641 мың адам тұрады. Болашақта шамамен облыс халқы: 2024 жылы - 705 мың, 2040 жылы - 895 мың, ал 2050 жылы - 1 миллион 56 мың болады. Сонымен бірге, 2050 жылға қарай облыс орталығындағы қала халқының үлесі 48-ден 51,3% -ға өсіп, 542 мыңға жетеді.

Құлсары ірі теміржол және автомобиль жолдарының қиылысында орналасқандықтан, мұнда ірі жүк терминалын салу ұсынылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қазан 2019, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.