Атырау, 24 қараша 02:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаяу жүргіншілер өткелінде тағы бір адам қаза болды

3 525 просмотра


"АЖ-ға белгілі болғандай, 7 қазанда Атырауда кешкі сағат сегіздерде Сәтпаев көшесінде Toyota көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жедел жәрдем зардап шегушіні облыстық ауруханаға жеткізді, бірақ алған жарақаттар салдарынан ол қайтыс болды.

- 23 жастағы жүргізушіге қатысты 345-баптың 3-тармағы (адам өліміне әкелген жол жүру ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды, - деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаментінде.

Осыған ұқсас оқиға бір ай бұрын Баймұханов көшесінде болған еді: жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді ресейлік нөмірі бар Toyota Camry көлігі қағып кетті. Көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқаны соншалық, жасөспірімнің аяғын жұлып әкеткен еді. Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергелуші тергеу абақтысында отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

19 қазан 2019, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.