Атырау, 24 қараша 02:27
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төрт жарым миллиард теңге. Атырау жасыл-желекке орана ма?

Сурет
3 584 просмотра
Қуандық ҚАСЫМОВ

Атырау қалалық мәслихатының кезекті XXXXVI сессиясының күн тәртібіндегі басты мәселе – мұнайлы астана көшелерін абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары. Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуандық ҚАСЫМОВ есеп берді.

Баяндамадағы фактілер. Бүгінгі таңда ТКШ бөлімі жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, Қ.Смағұлов, Құрманғазы, С.Мұқашев, Д.Нұрпейісова атындағы алаңдарды қалпына келтіруші мердігерлер анықталды. Д.Нұрпейісова атындағы алаң биыл, ал қалған нысандар - 2020 жылы ретке келтіріледі.

«Бек и К» ЖШС Махамбет көшесі №128 және 128 а, Авангард 3 ықшамауданы №31 және 32, Балықшы №26 және 26а, Нұрсая ықшам ауданы № 85, 86, 87, Азаттық даңғылы №71 және Молдағалиев көшесі №5-7 мекенжайларындағы аулаларды абаттандырумен айналысады. Жобада жолдар мен жаяужолдарды жөндеу, балалардың ойын алаңдарын ретке келтіру, жиектастарды ауыстыру және көгалдандыру жұмыстары қамтылған. Тағы 100 ауланы абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасалуда. Бұл жобалар 2020 жылы «бюджеттен қаржының бөлінуіне қарай» жүзеге асырылады.



«КЗ ойын кешендері әлемі» ЖШС көшеге жаттығу құрылғысын дайындау және орнату жұмыстарына кірісті. Ауданы 150 шаршы метрден 5 воркаут құрылғысы, әрқайсысы 200-ден 2 құрылғы және 400 шаршы метрден тұратын 1 құрылғы орнатылады.

Әбілхайыр хан даңғылының бойына 15 мың ағаш отырғызу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзір. Жоба 2020 жылы, бюджетке ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылады.

«Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылуда: «Каспийдормостстрой» ЖШС мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арасында келісім жасалды. Жоба 5 жылға есептелген, оның жалпы құны 4,6 млрд теңге.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «AG Desinfection Services» ЖШС-мен қала көшелері мен қала маңын арам шөптерден тазарту туралы келісімшарт жасалды. Бұл құны 35 млн теңге болатын пилоттық жоба, осы қаражатқа 376 көше тазартылады.

- Көп көше қурайлардан тазартылды. Жұмыс жалғасатын болады. Сондықтан келесі жылы 200 млн теңге көлемінде қаражат сұрауды жоспарлап отырмыз. Көгалшапқыштармен жарақталған 40 жұмысшы жұмыс істейді, оларға трактор мен самосвал қызмет көрсетеді, - деп хабарлады Қасымов.


Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ

Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы жөніндегі депутаттар комиссияның жетекшісі Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ Қасымовтың баяндамасына баға берді.

- Егер шөптің шабылуы туралы айтатын болсақ, көп нәрсе жасалмады. Біз комиссияда ұсыныс жасадық және сізді онымен таныстыруды ұйғарып отырмыз: жеке тұрғын үйдің әр қожайыны өз учаскесінен 10 метр радиустағы шөпті шабуға міндетті болатын қаулы жобасын енгіземіз. Бұл барлық адамдар үшін мызғымас ереже болады.

Депутаттар қуана және бірауыздан дауыс берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

18 қазан 2019, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.