Атырау, 13 желтоқсан 04:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Әкім мен депутат із-түзсіз жоғалмайды

3 037 просмотра

ҚР Бас прокуроры

А. Қ. ДАУЫЛБАЕВҚА

Астана қ., Орынбор көшесі, 8

(Министрліктер үйі), №2 кіреберіс

 

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің

(қаржы полициясы)

төрағасы Р.Т. ТҮСІПБЕКОВКЕ

Астана қ., Сейфуллин көшесі, 73

           

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы және Рашид Төлеутайұлы!

Біздің 2012 жылғы 24 қыркүйекте жолдаған редакциялық сауалымызға ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі 2012 жылғы 12 қазандағы өзінің жауап хатында (екі көшірмесі жалғанды) Қазақстан Республикасының азаматтары Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев пен Аманжан Сәулебайұлы Рысқалидың үстіміздегі жылдың 15 тамызы мен 3 қазаны аралығында ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтпегендігі туралы хабарлады. Осы мәселелер бойынша әрі қарай түсінік алу үшін Шекаралық қызмет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарласуға кеңес берді.

Осыған байланысты Сіздерден Атырау облысының жұртшылығына аймақтағы атқарушы биліктің бұрынғы бірінші басшысы Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен қылмыстық іс қозғалуына байланысты қаржы полициясы мемлекетаралық іздеу жариялаған оның туған інісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ қазіргі уақытта қайда екендігі туралы ақпарат берулеріңізді сұраймыз.

Аталмыш екі тұлғаның қай жерде екендігіне тек Атырау облысының жұртшылығы ғана қызығушылық танытып отырмағанына «Ақ Жайық» газетінің сайтындағы Шекаралық қызметке жолданған ашық сауалды қарау саны (50 000-нан астам) да, сондай-ақ, біздің сауалымызға берілген ресми жауапты ел аумағында жұмыс істейтін барлық ақпараттық агенттіктердің таратқандығы да дәлел болады.

Сондықтан Сіздерден Атырау облысы тұрғындарының Сіздердің мекемелеріңіздің құзырындағы сенімді ақпаратты білу құқығына енжар қарамауларыңызды өтініп сұраймыз.

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы

Атырау қаласы, 30 қазан 2012 жыл

30 қазан 2012, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.