Атырау, 27 сәуір 07:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті

3 532 просмотра

 

Бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА қызметінен кетті, деп хабарлады облыстық әкімдіктегі «АЖ» ақпарат көздері.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Мәншүк Аймұрзиеваның қызметінен кеткенін растады.

- Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктері үшін керекті қаражат бөлінеді, қаржыландыру өсуде, перзентханалардың, ауруханалардың және медициналық мекемелердің ағымдағы барлық мәселелері шешілуде. Денсаулық сақтау басқармасында барлық нормаларды талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар алынады. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берілді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан БІРТАНОВ Атырау денсаулық сақтау жүйесіндегі бірқатар жанжалдардан кейін Аймұрзиеваны басқарма бастығы лауазымынан босатуды ұсынған болатын.

Жеке ақпарат

18 қазан 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.