Атырау, 31 желтоқсан 18:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Францияда белгісіз біреулер 11 қыркүйек оқиғасын қайталамақ болған

2 599 рет қаралды


Франция тәртіп сақшылары 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығында болған терактіні қайталамақшы болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Франция ІІМ Кристоф Кастанерге сілтеме жасаған France Info радиоарнасы ақпарат таратты, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Министрдің сөзінше, "11 қыркүйектен шабыт алған" күдікті ұшақ ұрламақ болған. Ол өткен айда тұтқындалды. Бірнеше ай бойы оның іс-әрекетін әлеуметтік желі арқылы бақылаған.  Полиция өкілдерінің хабарлауынша, күдікті - 30 жастағы француз азаматы. Франция ІІМ басшысы бұл тұтқындау  Франциядағы 2013 жылдан бергі 60-шы лаңкестік шабуылдың алдын алу екенін атап өтті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


18 қазан 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.