Атырау, 27 қараша 05:47
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ЕО саммитінде Brexit тәртібі бекітілуі мүмкін

2 233 просмотра


Бүгін жұмысын бастайтын Еуроодақ саммитінде Ұлыбританияның одақтан шығу тәртібін бекітуі мүмкін. 

Сондай-ақ басқосуда Сирияның солтүстік-шығысында Түркия жүргізіп жатқан әскери операция төңірегіндегі жағдай, Еурокомиссия жаңа құрамының жұмыс бастауын бір айға шегеру және Еуроодақ құрамына Албания мен Солтүстік Македонияны алу жөнінде келіссөздердің болашағы талқыланбақ. 

Егер саммит басталғанға дейін Лондонның Брексит бойынша соңғы ұсыныстары бойынша келісімге жете алса, Ұлыбритания Одақ құрамынан қай жолмен шығатыны анық болмақ. Еуроодақ өкілі Мишель Барньенің айтуынша, Брексит бойынша келіссөзде түні бойы жалғасқан. Осы уақытқа тараптар Ирландия аралында кедендік бақылау тәртібі бойынша келіскен. Алайда Брекситтен кейін қосылған құнға салық төлеу мәселесі әлі реттелмеген. Дегенмен келісім жобасы дайын деуге болады.

Дереккөз: 24.kz

17 қазан 2019, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.