А.Қожабергенов 80-90-жылдары КСРО чемпионатының 2-ші және 1-ші лигаларында алматылық «СКИФ», қарағандылық «Шахтер», талдықорғандық «Жетісу», жамбылдық «Химик» командалары үшін ойнаған.
1993/94 жылғы маусымда Германияның 3-ші лигасының «Пройссен 07» (Хамельн) командасында ойнады. Кейінірек Бірінші лигада Қаскелеңдегі «Сұңқар», «Жетісу» командаларында және «Екібастұз» клубында бас бапкер болған. «Екібастұз» клубынан биыл 4 мамырда бес турдан кейін кеткен.
Өкінішке орай, осыған қатысты сұрақтарымыз көп болса да, «Атырау» футбол клубының басшылығымен байланысу мүмкін болмады. Чемпионаттың қалған бірнеше туры әлі ойналмаса да, көпшілік командамызды Бірінші лигаға кетеді деп болжам жасап қойған. 20 жыл бұрын қандай едік? Екі күміс алқа алдық, 2009 жылы Кубок иегері атандық, еурокубоктарға қатыстық, ал алаңдарымыз жанкүйерлерге толы болатын.
Бәлкім, тазаланып алу үшін төменгі лигада ойнап келгеніміз жөн шығар? Мәскеулік «Спартактың» 1976 жылы қандай болғаны, ал содан кейін жеңіс тұғырынан көрінгені білетін жандардың есінде. Дегенмен де, қазіргі басшылық тұсында бұл екіталай-ау.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ