Украинадағы Парламент сайлауына сайлаушылардың қатысуы 57,99% құрады. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комитетінің төрағасы Андрей Магера хабарлады, деп жазады РБК-Украина. БАҚ хабарлауынша, ОСК-ға елдегі барлық 225 сайлау округынан сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы мәліметтер берілген.
Парламент сайлауына дауыс беру бойынша алдыңғы қатарда - Львовская (67,12%), Тернопольская (66,78%), Волынская облысы болды (65,74%). Ал Қырым (49,45%), Одесса (49,64%) мен Севастопольде (49,65%) сайлауға қатысу жағынан төмен көрсеткіштер тіркелген.
Естеріңізге саламыз, 2002 жылдан бері алғаш рет Парламент сайлауы партиялық тізіммен және бір мандатты округтардан мажоритарлық жүйе бойынша өтіп жатыр. Бұл жолы сайлауда 5 мыңнан аса кандидат үміткер болған. Жоғарғы Радаға өту үшін партиялар 5 пайыздық шектеуден асуы керек.
Дереккөз: bnews.kz