Атырау, 24 қараша 03:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылу қызметкерлері үшін қарбалас күн

3 084 просмотра


15 қазан күні таңертеңгі сағат 8-дегі мәлімет бойынша, Атырауда көп пәтерлі 956 үйдің 723-і ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосылған. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ мәлімдеді.

- Кешке қарай көбейеді, соңғы күндері 150-170 үйден жылу жүйесіне қосылады, - дейді бас жылу қызметкері.

Нұрсая ықшамауданындағы үйлерді жылу жүйесіне қосу қарқыны туралы «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Орынтай ҚУАТБАЕВ хабарлады:

- 15-16 қазан аралығында №1-ден №29-ға дейінгі, № 80-ден № 111-ге дейінгі үйлер, сондай-ақ автономды қазандықтардан жылытылатын барлық үйлерге жылу беріледі.

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ коммуналдық қызметкерлерге Нұрсая ықшамауданындағы үйлерге 15 қазаннан кешіктірмей жылу беруге тапсырма берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің таратылған баспасөз хабарламасында мәлім етілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2019, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.