Мексиканың батыс бөлігіндегі Мичоакан штатында белгісіз біреулердің шабуылының салдарынан кемінде 14 полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтарды қорғау министрлігі Мичоаканда 14 полицей қаза тапқан шабуылды айыпатайды", - делінген хабарламада. "Миленио" газетінің мәліметінше, қаруланған қылмыскерлер сот ордерімен Агилилья муниципалитетіне келген құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Үш полицей жарақат алған, олар ауыр халде ауруханада жатыр, қалғандарының тағдыры белгісіз. Жыл басынан бері Мексикада қылмыскерлер қолынан 23,7 мың адам қаза тапты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Бұл өлімдерге есірткі мафияларды жауапты.
Қыркүйектің басында Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор қылмыскерлермен күресті өзінің басты тапсырмасы екенін айтты.
Дереккөз: Tengrinews.kz