28 қазанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының көмекшісі Саламат МАХАМБЕТОВТІҢ ақпараты бойынша, сайлау үш сайлау округтерінде өтпек: №13 (Мақат ауданында), №2 (Махамбет ауданында) және №9 (Исатай ауданында). Облыстық мәслихаттан 3, аудандық мәслихаттан 6 – барлығы 9 үміткер ұсынылған.
№13 сайлау округінен (облмәслихат) «Капитал» ЖШС жабдықтау бөлімінің бастығы Шалқар СЕРІКБАЕВ (партияда жоқ); «Каспийнефть» АҚ бас механигі Әнуарбек ҚУАНЫШЕВ (партияда жоқ); Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, «Нұр отан» ХДП мүшесі Ерсайын ИХСАНОВ ұсынылды.
№2 сайлау округі бойынша (Махамбет аудандық мәслихаты) «Қазақтелеком» АҚ АТБ директоры Мұхтар ОЖАЕВ (партияда жоқ); «Жұмалиев А. С.» ЖК заңгері, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы ҚБ мүшесі Равиль ЖҰМАЛИЕВ, Махамбет Балалар мен Жасөспірімдер спорт мектебі ММ директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Аббат ҚАБЕНОВ ұсынылды.
№9 сайлау округі бойынша (Исатай аудандық мәслихаты) «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ бастығы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Дәрмен ТӨРЕҒАЛИЕВ; «Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры Қуандық САРИЕВ (партияда жоқ); «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Айгөлек ҚАНАТБАЕВА (партияда жоқ) ұсынылды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА