Атырау, 26 желтоқсан 13:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мусин ҚР президентімен бірге Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды

3 123 просмотра

ҚазТАГ. - Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің (ЕК) төрағасы Аслан Мусин ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Құрбан айт мерекесінде «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚР президентімен бірге болған ресми тұлғалардың ішінде есеп комитетінің төрағасы А.Мусин де болды», - деп хабарлады жұма күні агенттік тілшісі.

Еске сала кетсек, есеп комитеті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша А.Мусин бұғанға дейін демалыста болған. Агенттікке оның қабылдау бөлімінен хабарланғандай, есеп комитетінің төрағасы жұмысқа қазан айының соңында кіріседі. Алайда, бірқатар қазақстандық БАҚ оның Қазақстаннан Еуропаға қуғыннан қашып кеткендігін хабарлаған болатын.
А.Мусин есеп комитеті төрағасы қызметіне қыркүйек айында кірісті, бұғанға дейін ол президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

Дереккөз: today.kz

27 қазан 2012, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.