Атырау, 24 қараша 02:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңсыз ау құралдары жойылды

Бейнежазба
2 764 просмотра


Атырау облысында жыл басынан бері браконьерлік фактілері бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды, 21 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, 16 тонна балық (оның ішінде 615 келі бекіре тұқымдас) және 2860 ау құралдары, 215 суда жүзетін және көлік құралдары тәркіленді. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аумақтық   инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олег ТУШКАНОВ хабарлады.

Ал, енді, жағымды статистикаға назар салайық: екі бекіре зауыты үшін мемелекеттік тапсырыс аясында 277 балық ауланды, Жайыққа 7,5 млн бекіре шабағы жіберілді.

Таяуда ғана «балық қорғаушылар» 1450 браконьерлік балық аулау құралдары мен 65 қолдан жасалған  «корыто» секілді жүзу құралдарын  өртеді.


 

Фархат ӘБІЛОВ

14 қазан 2019, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.