Атырау, 21 қараша 07:54
Таңертең ашық-10, күндіз -7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 387.37  € 428.55  P 6.06

Түрік әскері Сириядағы АҚШ-тың әскери постын атқылады

13 қазан 10:51

Сирия мен Түркия шекарасы маңы.

Түрік әскері Сирия солтүстігіндегі АҚШ-тың әскери постын атқылады. Пентагон ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Алайда оқиға Түркия шабуылынан АҚШ әскерилеріне қауіп-қатер барын көрсеткен.

Пентагон өкілінің айтуынша, Кобани қаласына жақын орналасқан әскери постың бар екені түрік тарабына алдын ала ескертілген. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі бөлімді қараусыз қалдырмайтынын, қорғану мақсатында жауап қатуға құқығы бар екенін ескертті.

Американың заң шығарушы орган өкілдері Түркияға санкция салу мәселесін қозғады. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған егер санкцияны Еуроодақ қолдаса, шекараны ашып, Еуропаға шамамен үш миллион сириялық босқындарды жіберетінін айтқан.

Сирияның солтүстік-шығысында әскери операцияның жалғасып жатқанына бірнеше күн болды. 12 қазанда түрік әскерилері Сирия ереуілшілерінің көмегімен Рас-эль-Айн қаласын басып алды. Бұл - күрдерге қарсы операция барысында түрік жасақтары басып алуды көздеген негізгі елді мекендердің бірі.

Түркия жағы әскери операцияның мақсаты Сириямен шекаралас аумақты күрдтер жасағынан тазартып, "қауіпсіздік аймағын" құру деп түсіндірді. Анкара күрд жасақтарын "террорист" деп атап, Түркия аумағындағы сепаратистерге дем берді деп айыптайды.

Батыс елдері Анкара шабуылын айыптады. Франция президенті Эммануэль Макрон Түркияны әскери операцияны тоқтатуға шақырып, шабуыл аймақта ошақтары орналасқан экстремистік топтардың қайта күшеюіне жағдай жасауы мүмкін деп қауіптенді. Вашингтон күрдтерді "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте одақтас санайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

845 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3