Х.Клинтон бұл сөздерді өзінің 65 жасқа толған туған күнінде айтқан. Саясаткер «қалған уақытын өз өміріне арнағысы» келеді екен.
2011 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы президенттік сайлаудан кейін қызметінен кететіні жөнінде бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Оның мәлімдемесін зерделей келе, журналистер Х.Клинтон саясатты түпкілікті тастап кеткелі отырған жоқ деген пікір білдірген. Мысалы, The Washington Times тілшісімен болған сұхбатында ол өзінің отставкасы жөнінде Барак Обамамен сөйлеспегенін атап өткен.
Өз кезегінде Б.Обама Х.Клинтонды жоғары бағалап отыр және кабинеттегі өз орнын сақтап қалуға лайықты деп есептейді.
Соңғы айлары АҚШ-тың Ливиядағы елшісінің өлтірілуі үлкен ішкі саяси дауға айналып үлгерді. Демократтардың қарсыластары республикандық Х.Клинтон басқаратын сыртқы саяси ведомствоны ақпарат жасырды деп айыптап отыр.