Түркия күштері мен Сирияның оппозициялық әскері шам елінің солтүстігіндегі Рас эль-Айн қаласын бақылауына алды.
Ал «Бейбітшілік қайнары» операциясы басталғалы 415 содырдың көзі жойылған. Түрік күштері тек бірнеше жауынгерінен айырылған. Бірақ күрдтердің Түркияның шекара маңындағы қалаларын атқылауынан қаза тапқандардың саны артуда. Еске сала кетейік, өткен аптада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде күрд жасақтарына қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Анкараның бұл қадамын бірақатар ел сынға алды.
Дереккөз: 24.kz