Атырау, 27 қараша 05:47
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ 44 мың қызметкерінің жалақысын төлей алмауы мүмкін

2 733 просмотра


«БҰҰ соңғы онжылдықтағы ең ірі қаржы дағдарысына ұшырады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш алдағы айда ұйым 44 мың қызметкерге жалақысын төлей алмай қалуы мүмкін екенін айтты», деп жазады Швейцарияның Neue Zürcher Zeitung басылымы. 

«БҰҰ қаржылық дағдарысқа ұшырады. Қолма қол ақшасыз бюджет тиісті жолмен атқарыла алмайды», деді Нью Йорктегі БҰҰ бюджетті комиссия алдында сөз сөйлеген Бас хатшы. 

Автордың айтуынша, осылайша Гутерриш бүгінгі таңда ұйымға мүше 193 мемлекеттің тек 129-ы мүшелік жарнаны төлегенін жеткізген. Ең ірі борышкер АҚШ болып отыр. Вашингтон салатын қаржы БҰҰ бюджетінің 22%-ын құрайды. 

«Бүгінгі бюджет 3,3 млрд доллар, ал қарыз 674 млн доллар болып тұр. Вашингтон былтырғы 381 млн доллар қарызын да төлемеген. БҰҰ өткен айда ақшаны үнемдеу үшін арнайы шара қабылдауға мәжбүр болған. Яғни, кейбір жоғары лауазымдарға адам қабылданбаған, маңызды кездесулер мен жиналыстар өткізілмеген немесе уақыты ауыстырылған», деп жазады автор. Оның айтуынша, БҰҰ уақытында жарна төлемейтін қатысушы мемлекеттермен күресіп жүр. 

«Қыркүйектің соңында биылғы жылдың бюджеті тек 70%-ға қаржыландырылған. Бұл былтырғы жылдан төмен. Жалпы алғанда БҰҰ 1,3 млрд доллар қарызын өндіре алмай отыр», деп жазады басылым.

Дереккөз: Inform.kz

12 қазан 2019, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.