Атырау, 26 желтоқсан 13:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды

2 718 просмотра

Оңтүстік Қазақстанда ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

БАҚ үшін таратылған баспасөз хабарламасында мәлім етілгендей, 25 қазанда шамамен сағат 17.00-де Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен ОҚО бойынша қаржы полициясы бірлесіп атқарған жедел-алдын алу іс-шарасының барысында сотталушылардың біріне жалпы қамқорлықты қамтамасыз етуге қолғабыс ету үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы ұсталды.

Оның үстінен ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

2012 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы арасында болған жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 2,5 есеге азайғанына қарамастан, бұл жұмыс ІІМ мен ҚАЖ комитеті басшылықтарының жіті бақылауында, деп атап өтілді пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қазан 2012, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.