Атырау, 12 қараша 07:25
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Челахтың соты бір айдан соң өтеді

1 998 просмотра
 

Челахтың соты тұп-тура бір айдан соң, Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық әскери гарнизон сотында өтуі мүмкін. Ал, сот алқа билерінің қатысуымен болады. Бұрынғы шекарашы алқа билердің қатыстырылуын сұрап, өтініш жазып та қойды. Бұл туралы бүгін оның қорғаушысы Серік Сәрсенов мәлімдеді. Ал, елдің Бас әскери прокурорының қаулысы бойынша, Челах пен оның қорғаушыларының қылмыстық іспен танысуы бүгін аяқталады.

"Соттың жабық өтуіне ешқандай заңдық негіз жоқ, сол себепті үрдіс ашық болуға тиіс" дейді ол. Ал, ұлттық қауіпсіздікке қатысты кейбір мәселелер бойынша жабық сот болса, оған Челахтың "мемлекеттік құпияны білуге болатын" қорғаушысы қатысады. Алқа билердің сотқа қатыстырылуы мәселесі алдын ала тыңдалым кезінде анықталатын болады. 30 мамырда Арқанкергенде « 13 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді» деген күдікпен Челахқа 8-бап бойынша айып тағылып отыр. Қаза тапқан шекарашылардың екеуінің денесінің қалдығын Германиялық сарапшылар да анықтай алмаған болатын.

Дереккөз: 31 арна

26 қазан 2012, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.