Атырау, 25 қараша 07:18
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Чилилік студенттер білім алу жүйесінде реформа жасауды талап етуде

1 741 просмотра
Чилилік студенттер білім алу жүйесінде реформа жасауды талап етуде

Чилиде студенттер тағы сойқан салды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, ел астанасы Саньтягода 70 шақты жоғары оқу орын жастары алаңға шығып, полицейлермен қақтығысты. 

Бірнеше студент тұтқынға алыныпты. Білім алу жүйесінде бірқатар реформа жасауды талап еткен жастарды тарату үшін тәртіп сақшылары су шашуға мәжбүр болған. Наразы халық ел президенті Себастьян Пиньераның суретін ұстап, оның саясатына қарсы ұрандар айтқан. Сонымен қатар, оқушылар тұтқындалған достарын босатуды сұрап, полиция бөлімшелеріне де көптеп жиналды. Айта кетейік, Чилидегі студенттер білім ордаларындағы төлемақының төмендетілуін талап етіп, бір жыл бойы ереуілдетіп жатыр.

Дереккөз: 24 KZ

26 қазан 2012, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.